Қостанай облысында заңсыз жұмыс істеген бетон зауыттары анықталды

Ulysmedia
Фото: pixabay.com

Қостанай облысында экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген екі заңсыз бетон және бетон өнімдерін өндіретін зауыт анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Қостанай облысының арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық рұқсатсыз қызмет атқарған екі заңсыз бетон және бетон өнімдерін өндіретін зауытты анықтады», — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, өндірістік нысандар ұзақ уақыт бойы Тобыл қаласы аумағында қажетті рұқсат құжаттары болмаса да жұмыс істеген.

Оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалған. Сот оларды экологиялық құжаттар рәсімделгенге дейін қызметпен айналысуға тыйым салу және 3 млн теңгеден астам айыппұл салу түрінде жауапкершілікке тартқан.