Жетінші жеңіліс: Қуат Хамитов Сочиде өткен басты айқасында жеңілді

Ulysmedia

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (23-6-2) Сочиде өткен аралас жекпе-жек бойынша AMC Fight Nights турнирінің басты айқасында өнер көрсетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Sports.kz

Sports.kz-де жазылғандай,  Хамитов ресейлік боксшы Мариф Пираевпен (29-4-1) жекпе-жекке шығып, жеңіліс тапты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылған. Төрешілердің бірауыз шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды – 30-27, 29-28, 30-27.

Мираф Пираев өзінің кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне жетті, ал Қуат Хамитовтың ММА-да  жетінші рет жеңілуде. Ол үшін бұл осы жылғы үшінші айқасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Хамитов қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутқа жіберген, одан кейін маусым айында украиналық Роман Головиновты (10-5) жеңген болатын.