ҚМДБ "құпия санта" ойынына қатысты мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас
Фото: Бауыржан Карипов/almaty.tv

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында белсенді ойнайтын "құпия санта" ойынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Біздің дінімізде де, ұлттық дәстүрімізде де “Құпия Санта” деген ұғым жоқ. Сондықтан бөгде мәдени түсініктерді сырттан алып, зорлап енгізгеннен гөрі, адам жүректерін жақындастыратын ұлттық салт-дәстүрлерге және ислам дінінің асыл қағидаттарына негізделген құндылықтарды дәріптеу әлдеқайда орынды, – деп атап өтті басқарма CMN-ге берген жауабында.

ОЙЫН ТУРАЛЫ

Айта кетейік, “құпия санта” қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында белсенді ойнайтын ойын түрі. Әдетте әріптестер, туысқандар, жалпы жақсы араласатын ортадағы адамдар бір-бірінің “құпия сантасы” болып, сыйлықтар береді.