23 қаңтарда Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Доллардың орташа сараланған бағамы 462,03 теңгені (-0,56) құрады. Ақша айырбастау орындарында доллар 461-462 теңгеден қабылданып, 464-465 теңгеден сатылуда.
Еуро бағамы 503,65 теңгені құрады (соңғы айда +9,75 теңге). Ақша айырбастау орындарында бұл шетел валютасы 500-502 теңгеден қабылданып, 504-506 теңгеден сатылуда.
Рубльмен сауда әлі аяқталған жоқ. Ұлттық банк ресейлік валюта бағамын 6,74 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында рубль 6,45-6,5 теңгеден қабылданып, 6,63-6,64 теңгеден сатылуда.