Қайырымдылық атын жамылған діни ұйым әшкереленді

Ілияс Бақыт
polisia.kz

Қостанайда полицейлер қайырымдылық атын жамылған заңсыз діни қызметті әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Polisia.kz ақпаратынша Қостанайда қайырымдылық атын жамылған заңсыз діни қызмет анықталған.

Белгілі болғандай, қаладағы жеке үйлердің бірінде Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны кәмелетке толмағандардың қатысуымен діни сабақтар мен ғұрыптар өткізген. Сабақтар діни бірлестік мәртебесі жоқ әрі діни қызмет жүргізуге арналмаған қайырымдылық ұйымының ғимаратында өткен. Осы қайырымдылық ұйымының атауын жамылып, тіркеусіз діни оқыту және миссионерлік қызмет жүргізілген, сондай-ақ діни әдебиеттер пайдаланылған.

Бұған дейін сот аталған ұйымды тарату туралы шешім шығарған. Діни қызмет туралы заңнаманы бұзу дерегі бойынша сот құқық бұзған азаматты құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Құзырлы органдар діни қызметтің тек заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертеді.