20 АЕК айыппұл: полиция Шымбұлақтағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Алматы қаласы, Медеу аудандық Полиция басқармасы Шымбұлақтағы мейрамханалардың біріндегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция таратқан мәлімдемеде Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері аталған оқиға бойынша тексеру жүргізгенін, қатысушылар анықталып, жауаптар алынғанын, жағдай толық зерттелгенін жазады. 

“Тексеру барысында тараптар оқиғаның эмоционалды жағдайдан туындағанын атап өтті. Олардың айтуынша, кейбір сөздер мен әрекеттер эмоция әсерінен жасалған және олардың шынайы көзқарасын білдірмейді. Сонымен қатар, оқиға барысында тараптардың бір-біріне жеңіл физикалық әрекет қолданғаны анықталды.Қатысушылар өзара кешірім айтып, татуласты және болған жағдайға өкінетіндіктерін білдірді. Сондай-ақ олар азаматтарды бір-біріне құрметпен қарауға, кез келген келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге шақырды”- деп жазылған мәлімдемеде. 

Тексеру нәтижесі бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілген. Екі қатысушыға да кәмелетке толмаған бұзақылық әрекет фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот шешімімен олар 20 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

“Полиция ескертеді: тұрмыстық келіспеушіліктер, қарым-қатынас мәселелері немесе тілдік ерекшеліктер еш жағдайда да қақтығыс, провокация және қоғамдық тәртіпті бұзу үшін себеп болмауы тиіс. Ұлттық немесе тілдік тақырыптарды пайдаланып, дауды ушықтыру әрекеттері қоғам үшін қауіпті және қабылданбайды деп қарастырылады” – деп түйінделеді.

ОҚИҒА ЖАЙЫНДА

23 желтоқсанда  Бақытжанов есімді Threads қолданушысы желіге Gusto мейрамханасының әкімшілігімен болған қазақ тілі жөніндегі дауға қатысты видео жариялаған. Осыдан кейін Threadsпен 2Gis платформасында тұтынушылар Gusto мейрамханасының сервисіне қатысты пікірлер жазған. Кейбір желі қолданушылары мейрамхананы жабуды талап етсе, енді бірі қазақ тілін құрметтеуді талап еткен.

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында қазақ тіліне сөйлеуден бас тартып, дауға қалған ресторан әкімшісі халықтан кешірім сұрады.