Француз актрисасы Брижит Бардо 92 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Актриса қараша және желтоқсан айларында екі рет ауруханаға жатқызылып, ота жасатқан. Қазан айында БАҚ-та оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді, алайда ол кезде Брижит Бардо бұл қауесеттерді өзі жоққа шығарған еді.
Актрисаның нақты неден көз жұмғаны әзірше айтылған жоқ. 2025 жылғы қараша айында Бардо Францияның оңтүстігіндегі Тулон қаласында ауруханаға түсіп, оған хирургиялық операция жасалған. Желтоқсан айында ол қайтадан ауруханаға жатқызылған.
Екінші рет емдеу мекемесіне түскеннен кейін Брижит Бардо қоры француз бұқаралық ақпарат құралдарынан актрисаның жеке өміріне құрметпен қарауды өтінген.