Жер мен қымбат сағат: Қапенов Мәсімовтен алған қымбат сыйлықтары туралы айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz Қазақстанда бір кездері ең ықпалды тұлғалардың бірі болған, екі рет премьер-министр қызметін атқарған, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, кейін мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынып, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновтің алғашқы ашық сұқбатын жариялайды.

Қапенов жайлы не айтылмады, «Мәсімовтің адамы», «Күшік күйеу» тағы сол сияқты «айыптар» мен мазақтарға толы небір сөздер айтылды. Бұл сұқбатта ол алғаш рет өзі туралы, Кәрім Мәсімовпен қарым-қатынасы, өзіне қатысты қылмыстық іс және не себепті өзіне жасалған қудалауды рейдерлік әрекет деп санайтыны жөнінде егжей-тегжейлі баяндайды.

Мәсімов сізге қандай да бір қолдау көрсетті ме? Ақыры оның қызына үйлендіңіз ғой.

– Туған күнімде мен оған Қазақстанда мансап құру мүмкін емес болса, «Ресей темір жолдарына» жұмысқа барғым келетінін айттым. Ол кезде вице-президент Салман Магомедрасулович Бабаев еді. Онымен алдын ала келісімім болған, құжаттарымды жинап жүргенмін. Сонда Мәсімов: «Якунин менің жақын досым ғой», – деді (Владимир Якунин 2005-2015 жылдары «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті болған). Мәсімов оған қоңырау шалып: «Күйеу балам Мәскеуге көшіп жатыр, біреулермен келісіп қойыпты, қабылдаңдар», – деді. Якунин: «Проблема жоқ, жібере бер», – деп жауап берді. Айтпақшы, Мәсімов мырзадан алған бірнеше сыйлығым бар. Алғаш танысқанымызда ол маған Breguet сағатын сыйлады. Бағасы шамамен 25 мың доллар. Қорапта жатқан, берген кезде мен қалжыңдап: «Бұл бомба емес пе?» – дедім. Ол күліп жіберді. Кейін тағы бір сағат пен багги-жол талғамайтын көлік сыйлады. Сонымен қатар Астанадан жер телімін сыйға тартты, бірақ оны қызының атына рәсімдеді. Ажырасқаннан кейін жер Тамиллада қалды.

Азамат Қапеновтің алғашқы ашық сұқбатын толығырақ осы тұстан оқи аласыз.