Батыстағы көпірді қытайлықтар қайтадан салады

Сырым Қаржас
фото: mgorod.kz

Атырауда бірқатар нысанды қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атырау облысында облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда 44 көпір бар. Соның бірі — «Атырау–Индер» автожолындағы көпір апатты деп танылып, оны қайта жаңғырту 2026 жылға жоспарланған. Қалған көпірлер 2014–2019 жылдар аралығында жөндеуден өткен. Сонымен қатар «Атырау–Астрахань» тас жолындағы көпірде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

КЕЛІСІМ

Атырау қаласының өзінде 1965 жылы салынған Жайық өзені үстіндегі орталық көпірді қайта жаңғырту көзделіп отыр. Жоба бойынша мердігер ретінде Power China компаниясы тартылмақ. Қазіргі таңда көпірді толықтай бұзып, орнына жаңасын салу нұсқасы қарастырылуда. Қалалық әкімдік келісімшарттың нақты құнын әзірге жариялаған жоқ.