Белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетовтің сөзінше, депозиттер бойынша жаппай «салымдар жарысы» болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сарапшының пікірінше, қазіргі жоғары базалық мөлшерлеме – уақытша құбылыс. Ал оның жақын арада төмендеуі депозиттік мөлшерлемелердің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік бермейді, деп жазады digitalbusiness.kz. Рысмамбетов депозиттер бойынша ең көп дегенде 0,25–0,5 пайыздық тар шеңбердегі өсім болуы мүмкін екенін болжап отыр.
– Қазір банктердің бірі айтарлықтай жоғары пайыз ұсына ала ма? Мен олай деп ойламаймын. Әдетте адамдар ақшасын бір жерге салғанда (көбіне банкке), ең соңында пайызды ойлайды, бірінші кезекте қаражаттың сақталуын ойлайды. Сондықтан ірі банктер мөлшерлемені көтермейді, ал көтерсе де 0,25–0,5 пайыздан аспайды. Оның үстіне, ірі банктерге қарыз алушылардың өзі жеткілікті. Сол себепті оларға жоғары пайыз ұсынудың аса қажеттілігі жоқ, – дейді қаржыгер.
Оның айтуынша, базалық мөлшерлемені одан әрі көтеру тиімсіз.
– Қазіргі 18 пайыздық мөлшерлеме ұзақ сақталмайды. Бұл – антикризистік шара, скальпельмен жасалған операция секілді. Ал скальпельмен науқасты оңай емдеуге де, оңай құртып алуға да болады. Сондықтан, менің ойымша, жоғары мөлшерлемеге бір-екі сақталады, одан кейін оны төмендете бастайды, – деп түйіндеді Расул Рысмамбетов.