1 қаңтарда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz

1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар жауады.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында жаңбыр, қар мен жаңбыр аралас жауын, мұздақ жаңбыр болжанады.

Желдің екпіні секундына 18–23 метр болатын аймақтар: ШҚО, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Қостанай, СҚО, кей жерлерде Түркістан және Жамбыл облыстарында.

Таңертең және кешке тұман болады: Шымкент қаласында және Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Түркістан, ШҚО, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының кей аудандарында.

Түнде, таңертең және кешке елдің көп бөлігінде ауа температурасы нөл градустан төмен болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардан күн жылы болады.