Алматы облысында мұз астына түсіп кеткен жасөспірім қаза тапты

Сырым Қаржас
Төтенше жағдайлар министрлігі

Қайғылы оқиға Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылындағы су айдынында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға туралы хабарлама 112 нөміріне түскен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен сүңгуірлер жеткен. Төрт жасөспірім су айдынының маңында ойнап жүріп, жұқа мұздың үстіне шыққан. Мұз шыдамай сынып, төртеуі де суық суға құлаған.

Жақын маңда балық аулап жүрген азамат көмекке ұмтылып, үш баланы судан алып шыққан. Алайда төртінші жасөспірімді құтқара алмаған. Оның мәйітін кейін сүңгуірлер су түбінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

ТЖМ өкілдері ата-аналар мен балаларды сақ болуға шақырып, жұқа мұздың үстіне шықпауға, балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға және су айдындары жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндеді.