"Рэкетир" жұлдызы, актер Мұрат Бисембин қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаралы хабарды актердің қызы жеткізді. Қызының сөзінше, актер 8 қаңтарда дүние салған.
СЫРҚАТ
Естеріңізде болса, бұған дейін Мұрат Бисембиннің қатерлі ісікке шалдыққаны жайлы жазған болатынбыз.
Тележурналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында ол дер кезінде денсаулығына көңіл бөлмегеніне өкінетінін айтқан еді.
Актер түскен “Рэкетир” фильмі екі мыңыншы жылдардың басында көп қаралған. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірін баян етеді.