Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлерін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАНКТІК ҚАРЫЗДАР
МИКРОКРЕДИТТЕР
Микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер үшін мөлшерлеме – 46%.
Ал 45 күнге дейінгі қысқа мерзімді микрокредиттерде (сомасы 2026 жылы 194 625 теңгеден аспауы тиіс) күндік мөлшерлеме 0,3%-дан төмен, бірақ жылдық шегі 179%-дан аспайды.
БҰҒАН ДЕЙІН
21 жасқа дейінгі шамамен 19 мың қазақстандықтың микронесиелер бойынша мерзімі өткен қарызы бар екенін жазған едік.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, елде 18 бен 21 жас аралығындағы 847 430 адам тұрады. Соның ішінде 136 239 жастың микрокаржы ұйымдарына қарызы бар. Олардың 13,7 пайызында төлем мерзімі өткен берешек тіркелген.