Әйгілі олимпиада чемпионы қызметінен неге кетті

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Олимпиада чемпионы әрі танымал спортшы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол федерацияның құрметті президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

ШЕТЕЛМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Рыпакованың шешімі халықаралық бағыттағы жұмысына байланысты қабылданды. Ол шетелдік ұйымдармен байланыс орнатып, халықаралық жеңіл атлетика федерациясы аясында шетел мамандарымен әріптестік орнатуға ден қоймақ.

ЖАҢА БАСШЫ

Федерацияның жаңа президенті болып Асхат Хасенов тағайындалды.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетсек, 2024 жылдың желтоқсанында Ольга Рыпакова бұл қызметке Даниал Ахметовтің орнына келген еді.

Ольга Рыпакова — ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру және көпсайыс бойынша маманданған қазақстандық жеңіл атлет. Ол Лондонда Олимпиада чемпионы атанып, Бейжіңде күміс, Рио-де-Жанейрода қола жүлде жеңіп алған.