Жарық, су, жылу: ең арзан және ең қымбат тарифтер қай өңірде

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қазақстандықтардың коммуналдық тарифтер үшін қанша төлеп отырғаны белгілі болды, деп хабалайды Ulysmedia.kz.

ЖЫЛУ ТАРИФТЕРІ

2025 жылдың желтоқсанындағы дерекке сәйкес, ең қымбат жылу Алматыда – 8403 теңге. Шымкентте – 6846 теңге, Атырауда – 6482 теңге, ал ең арзан тариф Жезқазғанда – 3255 теңге, Көкшетауда – 2850 теңге.

ЫСТЫҚ СУ

Ыстық су үшін ең жоғары төлем Алматыда – 612 теңге, Қарағандыда – 593 теңге. Ең төменгі тариф Талдықорғанда – 262 теңге.

СУЫҚ СУ

Суық су ең қымбат Ақтауда – 372 теңге. Ал ең арзан Жезқазғанда – 52 теңге. Астанада – 89 теңге, Алматыда – 73 теңге.

КАНАЛИЗАЦИЯ

Суды бұру қызметі ең қымбат Қарағандыда – 234 теңге, ең арзан Жезқазғанда – 24 теңге.

ҚОҚЫС ШЫҒАРУ

Ай сайынғы қоқыс шығару төлемі Алматыда – 719 теңге, Астанада – 637 теңге, ал ең төменгі тариф Түркістанда – 226 теңге.

ГАЗ

Табиғи газ ең арзан Атырауда – 13 теңге, ең қымбат Талдықорғанда – 45 теңге. Баллонды газ бағасы да әр қалада әртүрлі: Астанада – 7185 теңге, Алматыда – 6000 теңге, Таразда – 3487 теңге.

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ

Электр қуаты ең қымбат Қостанайда – 3175-5069 теңге. Алматыда – 2860-4728 теңге, Астанада – 1967-3703 теңге. Ең арзан тариф Семей мен Өскеменде – 1685-2931 теңге.