Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ерлер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл қызметке Нұржан Насанов тағайындалды.
Маманның жаттықтырушылық жолы 2016 жылы басталған. 2024 жылдан бері ұлттық құраманың бапкерлер штабында жұмыс істеп келеді. Оның танымал шәкірттерінің бірі – бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбай.
Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сәтжанов атқарған. Ол денсаулығына байланысты жұмыстан кету туралы шешім қабылдады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Олимпиада чемпионы әрі танымал спортшы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кеткенін хабарлаған едік.
Федерацияның жаңа президенті болып Асхат Хасенов тағайындалды.