Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы өсті

Сырым Қаржас
Өзбекстан энергетика министрлігі

Өзбекстанда сұйытылған газ импортының ұлғаюы оның бағасының өсуіне себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өзбекстан энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, 2025 жылы биржа саудасы арқылы 358 мың тонна сұйытылған газ сатылған. Оның 61 пайызы отандық өнімге тиесілі болса, қалған көлемі шетелден жеткізілген газ болған.

Былтыр газдың бастапқы бағасы өзгеріссіз қалды. Жергілікті өндірістегі сұйытылған газдың бір тоннасы 7 млн сумнан (шамамен 294 мың теңге) аспаса, импорттық өнімнің бағасы орта есеппен 8 млн сумды (337 мың теңге) құрады.

Ведомство мәліметінше, отандық және сырттан әкелінетін газ арасындағы баға айырмашылығы 40 пайызға дейін жеткен.

Қазір импортталатын газ көлемі мен оның құнының артуына байланысты сұйытылған газдың бір тоннасының бағасы шамамен 9,5 млн сумға дейін көтерілді. Соның салдарынан желтоқсан айымен салыстырғанда баға 20% қымбаттаған.

Осы жағдайға байланысты Өзбекстанның бәсекелестік жөніндегі комитеті өз құзыреті шеңберінде бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін жедел шаралар қабылдап, нарыққа тұрақты бақылау жүргізетінін мәлімдеді.