Желіде тараған хабарламада танымал Oreo печеньесінің кремді салмасы орнына «артерияны бітейтін пластикалық желім қолданылған» деген ақпарат айтылды. Осыған байланысты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімді тексерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ
Комитеттің мәліметінше, мұндай өнім Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тек микробиология, токсикология және таңбалау талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана кіргізіледі. 2025 жылы санитарлық бақылау аясында Oreo печеньесінің үлгілері зерттелді. Лабораториялық сараптама нәтижесінде техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін ешқандай көрсеткіш анықталмады. Барлық үлгілердің таңбалануы талаптарға толық сәйкес болған.
КОНТЕКСТ
Nestle компаниясы Қазақстанда балаларға арналған азық-түліктің шектеулі партияларын қайтарып жатқанын хабарлады.
ӨНІМДІ ҚАЙТАРУ
Компанияның мәлімдеуінше, құрамында цереулид токсині өте аз мөлшерде болғанымен, Қазақстанда бұл көрсеткіш бойынша нақты нормалар жоқ. Сондықтан Nestle 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап балалар тағамының белгілі бір партияларын ерікті түрде қайтарып алу шараларын бастады. Тұтынушылар сатып алған өнімді дүкендерге қайтарып бере алады.