Астанада Ақнәр Гүлістанның анасын полиция алып әкетті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамитті полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы адвокат Инга Иманбай хабарлады. 

- Қайтыс болған жастардың аналары — Сана Мерланның, Ақанова Әделдің және Ақнар Гүлстанның аналары — Президент Әкімшілігінің кеңсесі (канцеляриясы) ғимаратының алдында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды, – дейді адвокат. 

Оның сөзінше, аналар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініштің мақсаты — балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің объективті, тәуелсіз және толық тергелуін талап ету болған. 

- Алайда олар ғимаратқа кіріп үлгермеген. Өтініш қабылданбаған. Аналарды полиция белгісіз бағытқа алып кеткен, – дейді адвокат.

Қазіргі уақытта:

  • олардың нақты қай полиция бөлімінде екені белгісіз;
  • ұстаудың құқықтық негіздері ресми түсіндірілмеген;
  • адвокаттармен және жақындарымен байланысқа шығуына мүмкіндік берілген-берілмегені анық емес.

Инга Иманбайдың сөзінше, бұл қарсылық акциясы емес. Бұл — азаматтардың Президентке тікелей жүгіну жөніндегі конституциялық
құқығын жүзеге асыру әрекеті.

- Осы жағдай аналардың заңды құқықтарын шектеу, қысым көрсету және әділ тергеуге кедергі келтіру белгілерін туындатады, – дейді Инга Иманбай.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақнәрдің анасы президенттен тағы көмек сұраған болатын. 

СҰҚБАТ

Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит Ұлысмедиаға арнайы сұқбат берген болатын