Бүгін Министрліктер үйінің алдына баласынан айырылған ата-аналар жиналды. Олар президент әкімшілігіне ұжымдық өтініш тапсыруды көздеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиғаны сол жерде түсіру үшін барған Ulysmedia.kz журналисін полиция белгісіз себептермен ұстап әкеткен. Жиналған әйелдер қаза тапқан балаларының портреттерін ұстап тұрды. Олардың арасында Алматыда өз үйінің ауласынан асулы күйде табылған мектеп оқушысы Адель Ақанованың анасы Айнагүл Бейісова да бар. Ол қызының өлтірілгеніне сенімді.
Сондай-ақ жиынға Ақнәр Гүлстанның анасы да келді. Оның қызының денесі Алматыдағы тұрғын үй кешенінің терезесінің астынан табылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, қыз жетінші қабаттан құлаған, алайда анасы бұл версиямен келіспейді.
Ата-аналар істің әділ тергелуін және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Гүлыстан Хамитті полиция ұстап алып кеткенін хабарлаған едік.