Әзербайжан Германия мен Австрияға газ жеткізе бастады

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Әзербайжан мемлекеттік энергетикалық концерні Socar Германия мен Австрияға табиғи газ жеткізуді бастағанын хабарлады. Жаңа экспорт Трансадриатикалық газ құбыры (TAP) арқылы жүзеге асуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл құбыр Грекия мен Түркия шекарасынан басталып, Грекия мен Албания аумағы арқылы өтіп, Италияның оңтүстігіне жетеді. Одан әрі газ Австрия мен Германияға тасымалданады.

ЕУРОПАДАҒЫ ЭКСПОРТ ГЕОГРАФИЯСЫ

Socar компаниясының мәліметінше, Италия арқылы Австрия мен Германияға жеткізілімдер Әзербайжан газының Еуропадағы экспорт географиясын кеңейтеді. Осылайша, Әзербайжан газын импорттайтын елдердің саны 16-ға жетті.

РЕСЕЙ ГАЗЫНАН БАС ТАРТҚАН СОҢ СҰРАНЫС ӨСТІ

Еуропа елдері Ресейдің Украинаға қарулы басқыншылығынан кейін ресейлік газға тәуелділікті азайтуға ұмтылды. Соның нәтижесінде Әзербайжан газына сұраныс артты. 2025 жылдың маусым айында Socar Германияның Sefe энергетикалық холдингімен он жылдық келісімге қол қойды. Келісім бойынша жылына 1,5 миллиард текше метр газ жеткізіледі.

SEFE ТАРИХЫ

Sefe бұған дейін Gazprom Germania деп аталған. 2022 жылғы энергетикалық дағдарыс кезінде Германия үкіметі компанияны банкроттан құтқарып қалған болатын.

БОЛАШАҚ ЖОСПАРЛАР

Socar дерегіне сүйенсек, Австрияға жылына 1 миллиард текше метрге дейін газ жеткізу мүмкіндігі бар. 2025 жылы Әзербайжанның Еуропаға газ экспорты жалпы көлемде 12,8 миллиард текше метрді құрады. Алдағы уақытта жеткізілімді арттыру инвестицияларға және газ құбырлары инфрақұрылымының өткізу қабілетін кеңейтуге байланысты болмақ.