«Әділ сөз» басшысы Тоқаевтан БАҚ-ты қолдауды сұрады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

«Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова Ұлттық құрылтайда БАҚ-қа қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаманқұлова бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. 

- Қазіргі таңда ішкі нарықта қалмай, жарнаманың 65 пайызы YouTube пен TikTok платформаларына ағып кетеді. Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттелігін сақтау үшін тәуелсіз, мемлекеттік емес медиа платформаларды қолдау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын. Бұл сала қызметкерлеріне лайық еңбекақы төлеуге, сапалы контент жасауға жол ашады. Сонда журналистер тапсырыспен әзірленетін материалдарға немесе жасырын қаржыландыруға тәуелді болмайды. Ал оқырман БАҚ-тың артында кім тұрғанын білуге құқылы, – дейді Жаманқұлова. 

ҚҰРЫЛТАЙ

Еске салайық, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.