Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Арал мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президент тек Арал ғана емес, сонымен қатар, Каспий, Ертіс, Балқаш мәселесін шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қою қажет екенін айтты.
- Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс. Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға жылжытуымыз керек. Алдағы сәуірде Астанада халықаралық экология саммиті өтеді. Жиынға Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз. Кіші Аралдың қалпына келуі Сыр өңірін көркейтуге жол ашады деп үміттенеміз, – дейді президент.
ҚҰРЫЛТАЙ
Еске салайық, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.