Рудныйда кісі өлтірді деген күдікпен бүкіл Қазақстан бойынша іздеуде жүрген екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы қала әкімі Виктор Ионенко мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктілер – 2008 және 2009 жылы туған кәмелетке толмағандар. Қылмыстық іс 23 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қозғалған.
Қала басшысы марқұмның жақындарына көңіл айтып, күдіктілердің тергеу органдарына тапсырылғанын жеткізді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс ҚР Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облысы полиция департаментінің бақылауында.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Рудныйда болған қылмыс туралы ақпарат тараған. Instagram-парақшалардың бірінде марқұмның жас жігіт екені, ал күдіктілер екі жасөспірім болуы мүмкін екені жазылған.