ТОЛЫҒЫРАҚ
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында президент көмекшісі жаңа Ата заңға мынадай негізгі қағидаларды енгізуді ұсынды:
- Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен (жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен) президент тағайындайды. Бұл тәсіл ҚР премьер-министрін тағайындау рәсіміне сәйкес келеді.
- Вице-президентті қызметінен президент босататын болады.
Сонымен бірге, Конституцияда вице-президенттің өкілеттіктеріне қатысты мынадай негізгі қағидаларды көрсету ұсынылды:
Вице-Президент:
- Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
- Құрылтаймен, үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында президенттің атынан өкілдік етеді.
- Сонымен бірге, вице-президент Қазақстан Республикасы президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.
- Вице-президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.
- Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде вице-президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.
Вице-президенттің өзге де өкілеттері президент айқындайды және вице-президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.