Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті

Есдәулет Қызырбекұлы
Ulysmedia.kz

Алматыда сот үкімімен төрт жылға сотталған белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін Алматыда Мирболат Мырзатайұлының аапелляциялық соты өтіп жатыр. Белсендінің қорғаушылары оны ақтап, босатуды сұрады. 

Прокурор оған қарсылық білдірді. Сот алқасы кеңесу бөлмесіне кетті. 

Мирболат Мырзатайұлының жақтастары сот ғимараты алдында оны босатуды талап етіп, ұрандатты. Қалалық әкімдік өкілі Әлімбаев жиналғандарға шараның заңсыз екенін айтып ескерту жасады.

КОНТЕКСТ

Мирболат Мырзатайұлы былтыр қыркүйек айында ұсталып, оған қоқыс жинайтын мекеме басшысынан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылған. Алмалы аудандық соты оны төрт жылға түрме жазасына кескен.  Белсенді өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіспеген. Ол апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

15 қаңтарда Мирболат Мырзатайұлы Алматыдан Тараз түрмесіне ауыстырылды