Қазақша мәзір бермеген: Алматыдағы қонақүй тіл мәселесіне қатысты жауап берді

Сырым Қаржас
Фото. Swissotel

Алматыда қонаққа қазақ тіліндегі мәзірді бермеген Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty қонақүйі пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty қонақүйі барлық мейрамханаларында қазақ тіліндегі мәзір бар екенін айтты. Олардың сөзінше, мәзір қағаз түрінде де, сондай-ақ электронды форматта (QR-код арқылы) да бар. 

- Қонақтарға қызмет көрсету, оның ішінде қазақ тілінде, жүзеге асырылады, бұл бейнематериалдармен расталады. Жарияланым шыққан күні қонаққа қазақ тіліндегі баспа мәзірі басқа келушілер пайдаланып болғаннан кейін ұсынылды, және қонақ мемлекеттік тілдегі мәзірдің бар екенін растады, – дейді қонақүй өкілдері. 

Кейінірек қонақ бұл жағдайда түсінбеушілік болғанын түсіндіріп, қазақ тіліндегі мәзірдің жоқтығы туралы ақпаратты жоққа шығарған. 

- Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтайды, мемлекеттік тілді құрметтейді және барлық қызмет көрсету нүктелерінде жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз етуді жалғастырады, – дейді қонақүй мамандары. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін алматылық мейрамхана қызметкерлері қазақ тіліндегі ас мәзірін бермегені үшін сынға іліккен еді. Оқиға әйгілі Swissotel Alatau қонақүйіндегі The Quarter мейрамханасында болған. Мейрамханада қонақтарға мәзір орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі мәзірді бөлек сұратуға тура келген, алайда қызметкерлер оның бар-жоғына қатысты нақты жауап бере алмаған.