"Көлік батпаққа батып кеткен". Қызылорда іргесіндегі Сабалақ саяжайындағы бүгінгі жағдай

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Тұрғындар Қызылорда іргесіндегі Сабалақ саяжайындағы бүгінгі жағдайды көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеода жол батпақ, лай болып кеткені көрсетіледі. Тұрғындардың сөзінше, көлік не кіре алмайды, не шыға алмайды. 

- Мектептен балаларды әкелген көлік келіп, енді шыға алмай тұр. Сұмдық. Жүру мүмкін емес, – дейді тұрғын. 

Расында видеода оқушыларды таситын ақ газель көшеден әрең жүріп келе жатқанын көруге болады. Тұрғындардың сөзінше, мұндай жағдай газ құбырын жүргізу үшін жерді қазып кеткеннен кейін болып отыр. 

- Жол тар. Үлкен кісілер, мүгедек адамдар бар. Мына жерде дүкенге де бара алмайды. Құлап жатыр. Көліктер батып кеткен. Балалар мектепке бара алмайды, – дейді тұрғын. 

ОБЛЫС ТУРАЛЫ

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап атқарып келеді. Ал жақында ол облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынға жайғасқан.