Адвокат Аянхан Омаров Қазақстанда қандай жағдайда өмір бойына бас бостандығына айыру жазасы қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Адвокаттың сөзінше, қылмыстық кодекске сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тек аса ауыр қылмысты жасағаны үшін ғана қолданылады.
- Оның ішінде қылмыс жасаған уақытында жастары 18-ге толмаған адамдарға, әйелдерге, 1, 2-топтағы мүгедектерге және жасы 63-ке толған немесе 63-тен асқан ер адамдарға қолданылмайды. Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін жер ол Қостанай облысындағы “Қара бүркіт” деп аталатын түрме, – дейді адвокат.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте Нұрай Серікбайды қатігездікпен пышақтап өлтірген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Сонымен қатар, Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша күдікті болған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов та өмір бойына бас бостандығынан айырылған.