8 ақпанда Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасының өкілдері екі спорт түрі бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Олимпиада-2026 аясында ерлер арасында шаңғы жарысынан, сондай-ақ биатлоннан жарыстар басталады.
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер)
Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмақов.
Басталу уақыты: 16:30.
Спорт түрі: Биатлон, аралас эстафета
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Ракишева, Милана Генева.
Басталу уақыты: 18:05.