ШҚО-да үш жастағы бала газдан уланды

Сырым Қаржас
gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында бала өз үйінде газдан уланып қалды. 3 жастағы бала дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ үйге дұрыс жұмыс істемейтін пештен енген: желдеткіш қақпағы жабық болған, ал пештің құрылысында жарықтар анықталған. Осының салдарынан үйде улы газ жиналған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында. Оқиға бойынша ата-аналарды өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйдегі өрт кезінде 5 жастағы қыз қаза болған еді.