Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында қалай өнер көрсетті

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Италиядағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары аясында ерлер арасында скиатлон (10 шақырым + 10 шақырым) жарысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан құрамасынан жарысқа Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков қатысты.

Мұратбеков жарысты 45-орында аяқтады. Башмаков 49-нәтижені көрсетті.

Ал алтын медальді Йоханнес Клебо (Норвегия) жеңіп алды. Екінші орынға француз Матис Делож көтерілсе, қола медальді Мартин Ньенгет (Норвегия) иеленді.

КОНТЕКСТ

Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы күні наразылық акциялары өткенін жазған едік.