Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында бала өз үйінде газдан уланып қалды. 3 жастағы бала дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ үйге дұрыс жұмыс істемейтін пештен енген: желдеткіш қақпағы жабық болған, ал пештің құрылысында жарықтар анықталған. Осының салдарынан үйде улы газ жиналған.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында. Оқиға бойынша ата-аналарды өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, 18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйдегі өрт кезінде 5 жастағы қыз қаза болған еді.