Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Алматыдағы "Орталық клиникалық ауруханасындағы" емін аяқтап, қазір амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Науқас Ұлттық госпитальде емделіп, биыл қаңтар айында амбулаториялық емге жіберілді. Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы басқа ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жарияланбайды», — деп хабарлады редакцияға Президенттің іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпитальі баспасөз қызметі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, мамыр айының басында Сары Назарбаеваның ауыр сырқатқа шалдыққаны туралы хабар тараған еді. Кейіннен оның қайтыс болғаны жөніндегі қауесеттер тарады, алайда бұл ақпаратты Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.