Роскомнадзор Ресей аумағында Telegram мессенджерінің жұмысын шектеуді бастайтынын растады. Бұған дейін бұл жөнінде РБК дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
10 ақпанда Роскомнадзор Ресей заңнамасын орыдамай отырған бірнеге мессенджерге шектеу қойылатынын мәлімдеді.
«Telegram-мен қоса бірнеше мессенджер әлі күнге дейін РФ заңнамасын орындамай отыр», – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Роскомнадзор заң талаптары орындалмайынша шектеулерді біртіндеп жүргізе беретінін айтты.
Контекст
Былтырғы жылдың тамызынан бастап Ресейде WhatsApp пен Telegram арқылы қоңырау шалу қызметі блокталған. Роскомнадзор бұл шараларды «террористтер мен алаяқтардың мессенджерлерді пайдалануымен байланыстырған. Қазан айында ведомство Telegram мен WhatsApp-ты ішінара шектеуді бастағанын хабарлап, мұны алаяқтыққа қарсы күреске деп түсіндірген.