Прокуратура Қожамжаровтың қайда екенін айта алмады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың қайда екені туралы сұраққа тергеуге сілтеп жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазіргі уақытта Қожамжаров ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

- Қандай шешім қабылданатыны туралы тергеу нәтижесінен кейін белгілі болады. Статус әлі белгіленген жоқ. Ресейге қашқаны не қашпағаны тергеу кезінде анықталады, – дейді Қойгелдиев. 

Елдің бәрі біліп отырған деректі прокуратура білмейме, деп нақтылады журналист. 

- Тағы да қайталап айтамын, біз тек ресми мәлімет пен ресми құжаттармен жұмыс істейміз, – дейді прокурордың орынбасары. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ұлыс редакциясы Германия асып саяси пана сұраған Мақсат Дүйсенов және Мәскеуге қашып тығылған Қайрат Қожамжаров туралы үлкен шығарылым жасаған болатын.