Путинге үндеу жасаған қазақстандық қария азаматтығын ауыстырды

Сырым Қаржас
shutterstock/fotodom

Өткен жылдың желтоқсанында Владимир Путинге үндеу жасаған кейуана азаматтығын ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық зейнеткер Людмила Кондратьева Ресей президентінің тікелей эфирдегі қабылдауына шығып, Ресей азаматтығын алуға көмектесуді сұраған. Ресей ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волктің мәліметінше, әйел азаматтыққа қабылдау туралы ант беріп, жаңа төлқұжатын алған.

– Полиция қызметкерлері зейнеткердің өтінішін қабылдады. Қысқа мерзім ішінде өтініш қаралып, оң шешім қабылданды. Құжаттарды жинап, ресімдеуге полицейлер көмек көрсетті, – деді Волк.