Қазіргі уақытта KASE сауда алаңында USDKZT бағамы бір АҚШ доллары үшін 493,96 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша USDKZT жұбының бағамы бір долларға 491,06 теңгеге дейін төмендеп, шамамен бір жылдағы ең төменгі деңгейге жетті (–0,83 теңге). Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, мұндай деңгей соңғы рет 2025 жылдың наурыз айының басында тіркелген.
Сарапшылардың айтуынша, сауда белсенділігі де сәл артқан: сауда көлемі 372,0 млн долларды құрады (+53,1 млн). Ұлттық валютаның нығаюына сыртқы да, ішкі де факторлар ықпал етуі мүмкін. Сыртқы факторлардың қатарында мұнай бағасының айтарлықтай өсуі аталады. Ал ішкі нарықтағы жағдайға келсек, шетел валютасының ұсынысы, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі жүргізетін операциялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық түсімінің 50 пайызын міндетті түрде сатуы есебінен, ағымдағы сұранысты толық жауып отырған болуы ықтимал, деп жазады мамандар.