13 ақпанда ауа райы қандай болады?

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Синоптиктер 13 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

ТЕМПЕРАТУРА

Температуралық фонда біртіндеп жылыну күтіледі:

Батысында түнде 15–25° аяздан 2–12° аязға дейін, күндіз 5–15° аяздан 5° аяз – 5° жылуға дейін.

Солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 20–31° аяздан 15–25° аязға дейін, күндіз 15–22° аяздан 5–13° аязға дейін.

Орталығында түнде 20–31° аяздан 12–23° аязға дейін, күндіз 10–20° аяздан 1–12° аязға дейін жылыну күтіледі.

Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 13–23° аяздан 25–33° аязға дейін төмендейді.