Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина биылғы маусымда жоғары деңгейдегі өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Анна сербиялық Александра Круничпен бірге Дабровски/Стефани жұбын сенімді түрде жеңді. Есеп – 6:3, 6:4.

Данилина үшін бұл – Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал. Отандасымыздың мұндай тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.

Бас жүлде үшін Данилина мен Крунич Се Шувэй/Остапенко жұбымен таласады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.