Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел атынан кімдер өнер көрсетеді

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Бүгін, 15 ақпанда, Италиядағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы төрт спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жарыстарда шаңғы спорты, конькимен жүгіру, фристайл-могул және биатлоннан спортшыларымыз өнер көрсетеді.

Спорт түрі: Шаңғы спорты, алып слалом (әйелдер)
Спортшы: Александра Скороходова
Уақыты: 14:00 (1-жарыс), 17:30 (2-жарыс)

Спорт түрі: Фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
Спортшы: Павел Колмаков
Уақыты: 14:30

Спорт түрі: Биатлон, 12,5 км қуу (ерлер)
Спортшы: Владислав Киреев
Уақыты: 15:15

Спорт түрі: Конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
Спортшылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко
Уақыты: 21:03