Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.
Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес.
Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.
Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:
10. (+15). Елена Рыбакина – 2815
44 (+3). Юлия Путинцева – 1114
449 (+34). Жібек Құламбаева – 102
506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82
543. (-73). Анна Данилина – 70
1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.