Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Сырым Қаржас
Фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп 2014 жылы Қырым аннексиясынан кейін Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың қолданылу мерзімін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қол қойылған құжатта Ақ үй басшысы №13660 жарлықпен енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімі ұзартылатынын мәлімдеген. Бұл жарлыққа алғаш рет 2014 жылғы 6 наурызда АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама қол қойған, деп жазады DW.

Санкциялардың құқықтық негізі саналатын төтенше жағдай режимі бұған дейін де бірнеше рет ұзартылған. Аталған режим Вашингтон Украинадағы демократиялық институттарға нұқсан келтіруге, сондай-ақ оның бейбітшілігіне, қауіпсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төндіруге қатысы бар деп санайтын жеке және заңды тұлғалардың активтерін бұғаттауға мүмкіндік береді.

Шектеу шараларын ұзарту туралы шешім Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге арналған үшжақты келіссөздер жалғасып жатқан кезеңде қабылданды.