Қазақстанда доллар қайта күшейді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазіргі уақытта USDKZT бағамы KASE алаңында бір АҚШ доллары үшін 493,50 теңге болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қатарынан үш сессия бойы төмендегеннен кейін, бейсенбі күнгі сауда қорытындысында USDKZT жұбының бағамы 489,77 теңгеге дейін өсті (+0,49 теңге).

- Осы ретте сауда көлемі айтарлықтай артып, 415,5 млн долларды құрады. Бұл — жыл басынан бергі орташа тәуліктік көрсеткіш (314,8 млн доллар)тен жоғары. Нарықтағы көңіл күйге мұнай бағасының төмендеуі мен сауда барысында доллар индексінің өсуі қысым жасаған болуы мүмкін. Сонымен қатар, сатып алу бағамының тартымдылығына байланысты ішкі нарықта шетел валютасына сұраныс артуы ықтимал, — деп жазады ҚҚҚ сарапшылары.