Геннадий Головкин Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті танымал өнер иесімен бейресми форматта пікір алмасып, құрмет белгісі ретінде қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартты.
Головкин бұл сәттен алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
– Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу, – деп жазды ол Instagram-да.
Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан 2025 жылғы 22 желтоқсанда Италияның Помпей қаласында өткен Милан–Кортина-д'Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасына қатысты.