Жамбыл облысында судья Ербол Ахметжанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды.
Отырыс барысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысын қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстары қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.
Ербол Ахметжанов өңірдегі соттың төрағасы міндетін 2020 жылдан бері атқарған.
ЧЕЛАХ ІСІ
2012 жылғы 11 желтоқсанда сот Владислав Челахты «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танып, ерекше режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
- Жеңілдететін мән-жайлардың болмауына байланысты кінәлі деп танылып, жаза ретінде ерекше режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру белгіленсін, — деді сол кездегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Ербол Ахметжанов үкімді оқып отырып.