«Қазақ қыздары - әлемдегі ең мықты әйелдер» - түркиялық блогер

Сырым Қаржас
Видео кадры

Қазақстанда тұратын түркиялық блогер өзіне қатты әсер еткен оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Блогердің айтуынша, ол кешкі уақытта таксиге отырған кезде рөлде отырған әйелді көрген. Оқиға Алматы қаласында болған. Алдыңғы орындықта көрпеге оранып, оның 10 айлық сәбиі ұйықтап жатқан. Сағат шамамен кешкі 22:00 болған, сыртта суық.

Блогер бұл жайтқа қатты таң қалғанын айтады. Әйелдің көңіліне тимеу үшін артық сұрақ қоймаған, тек баланың неше айлық екенін ғана сұраған. Оның сөзінше, егер аса қажеттілік болмаса, ешбір ана қыстың суығында түнде осындай кішкентай баламен жұмысқа шықпас еді.

Бұл жағдай оған қазақстандық әйелдерге мүлде басқа қырынан қарауға себеп болған. Ол Қазақстанда «ерлердің жұмысы» немесе «әйелдердің жұмысы» деген нақты бөлініс жоқ екенін, әйелдер ешкімге тәуелді болмау үшін еңбек етіп жүргенін атап өтті.

– Мен үшін Қазақстан әйелдері – әлемдегі ең мықты әйелдердің бірі, – деді ол.