Қазақстанда доллар қымбаттай бастады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллар бағамының көтерілгені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан қор биржасы дерегіне сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың бағамы 501,75 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,27 теңгеге жоғары.

Ал айырбастау орындарында долларды орта есеппен 498 теңгеден сатып алып, 501 теңгеден сатып жатыр.