Баспанасын 18 жыл күткен қазақстандық кезектен шығып қалған

Сырым Қаржас
mosreg.ru

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы тұрғыны Марина Мусина тұрғын үй кезегінен шығарылғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Марина Мусина 2006 жылдан бері бюджеттік сала қызметкері ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған. Ол – медицина қызметкері, деп жазады pkzsk.info.

Әйелдің айтуынша, 2024 жылы кезекте тұрған азаматтардың тізімі Отбасы банкке берілген кезде оның аты-жөні тізімнен алынып тасталғаны белгілі болған. Бұл туралы оған ешқандай хабарлама берілмеген.

ТҮСІНДІРУ

Банктегілер тіркеу мекенжайы өзгерген жағдайда кезек сақталмайтынын, сондықтан қайтадан кезекке тұру қажет екенін түсіндірген.

Әйел Петропавл қаласынан Қызылжар ауданына ауылдық медициналық амбулаторияға жұмысқа орналасу үшін қоныс аударған.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Әкімдік өкілдері бұл мәселені сот арқылы ғана шешуге болатынын айтқан. Яғни кезекке қайта енгізілу үшін тиісті талап-арыз беру қажет.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев өтініш беруші жалдамалы емес, несиелік тұрғын үйге үміткер екенін атап өткен. Оның пікірінше, ауданда тұру фактісі азаматты көп жылдық кезегінен автоматты түрде айыруға негіз болмауы тиіс.